
ИМАНКУЛОВ АРМАН БАЙТУРСЫНОВИЧ
№9 сайлау округінің депутаты
Өмірбаян
1981 жылы 15 қыркүйекте Павлодар облысы Екібастұз ауданы Өлеңті кеңшарында дүниеге келген, қазақ.
Білімі жоғары, академик Қ.Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтын «Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы «Ноэл Екібастұз плюс» ЖШС-де бастап 2009 жылға дейін жүргізуші/учаске шебері, бас жеткізуші, механик болып жұмыс істеді. 2009 жылдан 2014 жылға дейін – «Экстрой-Астана» ЖШС директоры. 2014 жылдан бастап «Алабаева» ЖК басқарды. 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Аб-Жол» ЖШС директоры.
2023 жылғы наурызда VIII сайланған Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды. Екібастұз қалалық мәслихатының құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының, Екібастұз қалалық мәслихатының аграрлық секторды дамыту және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.





