
Өмірбаян
1988 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Саурық Батыр ауылында туған.
Білімі – жоғары.
2011 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген.
Мамандығы - мұнай-газ ісі.
2019 ж. Орталық-Азия Университетін бітірген.
Мамандығы - мұнай-газ ісі.
Еңбек жолын 2009 жылы Жамбыл ауданында «Тауекел газ құбыры» ЖШС-нің инженер жобалаушысы болып бастаған.
2010-2012 жылдары «Тәуекел-Т» ЖШС-нің өндірістік техникалық бөлім инженері, Жамбыл ауданы.
2012-2017 жылдары «Тәуекел-Т» ЖШС-нің газ құбырларын пайдалану бөлімінің басшысы, Жамбыл ауданы.
2017 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Тәуекел-Н-Алғабас» ЖШС-нің директоры.
Алматы облыстық мәслихатының индустриялық-инновациялық, кіші және орта бизнесті, туризмді дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының мүшесі.





