Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс LVIІ сессиясы отырысының тікелей эфирінің жазбасы
https://www.instagram.com/reel/DeTdHWxiDbp/?utm_source=ig_web_copy_link&psln=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==
Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
Мәслихат өз құзыреті шегінде тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекітеді, олардың орындалуын бақылайды, өздерiнің қарауына жатқызылған жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешеді, Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі.
Мәслихат өз өкiлеттiгiн сессияларда мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттары мен хатшысы арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.Мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны мәслихат сессиясы болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешiледi.
Ашу
Ашу
Ашу
Ашу
Ашу
Ашуhttps://www.instagram.com/reel/DeTdHWxiDbp/?utm_source=ig_web_copy_link&psln=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==
Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс LV І I сессия отырысының КҮН ТӘРТІБІ 1. Алматы облыстық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы № 44-248 «Алматы облысының 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 2. Алматы облыстық мәслихатының 2026 жылғы 17 маусымдағы №51-299 «Алматы облысының «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімінің жобасы. 3. Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы «Алматы облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №34-155 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 4. Учаскелік комиссиялар туралы ережені келісу туралы.
Алматы облыстық мәслихатының кезекті LV І сессия отырысының КҮН ТӘРТІБІ 1. Алматы облысында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы. 2. Алматы облысында діни экстремизм мен терроризм идеологиясын алдын-алу бойынша саясатының жүзеге асырылу барысы туралы. 3. Алматы облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, сондай-ақ елді мекендердің көшелерін дамыту және күтіп-ұстау мәселелері жөніндегі есепті тыңдау туралы. 4. Қазақстан Республикасының Үкіметіне Алматы облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін шекті (ен жоғары) мөлшерін белгілеу туралы ұсыныс енгізу туралы. 5. Алматы облыстық мәслихатының 2022 жылғы 29 қарашадағы «Алматы облысының елді мекендерінің аумағында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бекіту туралы» № 30-142 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы. 6. Алматы облыстық мәслихатының 2022 жылғы 29 қарашадағы «Алматы облысының елді мекендерінде жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандырудың қағидаларын бекіту туралы» № 30-141 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс LIV сессия отырысының КҮН ТӘРТІБІ Алматы облыстық мәслихатының 2025 жылғы 25 ақпандағы «Алматы облысының (қаласының, ауданының) құрметті азаматы атағын беру Қағидаларын бекіту туралы» №33-180 шешімінің күшін жою туралы. Алматы облыстық мәслихатының денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спортты дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы төрағасының есебі. Алматы облыстық мәслихатының дін, тілдер, этносаралық қатынастар және ішкі саясат мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы төрағасының есебі. Алматы облыстық мәслихатының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс және көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы төрағасының есебі.
Алматы облыстық мәслихатының кезекті LII сессия отырысының КҮН ТӘРТІБІ 1. Жергілікті атқарушы органның йод тапшылығы ауруларының профилактикасы бойынша жұмыстың жай-күйі туралы ақпаратын тыңдау туралы. 2. Алматы облыстық мәслихатының денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спортты дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы төрағасының есебі. 3. Алматы облысының жерүсті су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2026 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы. 4. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы 5. Алматы облысының (қаласының, ауданының) құрметті азаматы атағын беру Қағидаларын бекіту туралы. 6. Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгеріс енгізу туралы. 7. Облыстық бюджеттік комиссиясының құрамын бектіу туралы. 8. Алматы облыстық әкімшілігінің дербес құрамын бекіту туралы. 9. Алматы облысы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде индустрияландыру саясатын іске асыру жөніндегі Өңірлік Үйлестіру Кеңесін құрамын бекіту туралы.
Алматы облыстық мәслихатының кезекті LI сессия отырысының КҮН ТӘРТІБІ 1. Жергiлікті атқарушы органның Алматы облысында ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерi жөнiндегi есебін тыңдау туралы. 2. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негіздер бойынша ұсталған автокөлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды ұйымдастыру және уақытша сақтау қағидаларын, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың шешімімен құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда сақтау тәртібін бекіту туралы. 3. «Алматы облысының «Алатау» өңірлік ипотекалық бағдарламасын бекіту туралы» Алматы облыстық мәслихатының 2025 жылғы 20 наурыздағы № 35-187 шешіміне өзгеріс енгізу туралы. 4. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын іске асыруға арналған өңірлік бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. 5. Алматы облысы әкімдігі жанындағы сәулет-қала құрылысы кеңесінің құрамын қалыптастыру туралы. 6. Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы «Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын сайлау туралы» №13-70 шешіміне өзгеріс енгізу туралы. 7. Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымынан босату туралы. 8. Алматы облысындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы.
Учаскелік комиссиялар туралы ережені келісу туралы
Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы «Алматы облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №34-155 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
"Алматы облыстық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы № 44-248 "Алматы облысының 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы"
Қазақстан Республикасының Үкіметіне Алматы облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң шектi (ең жоғары) мөлшерiн белгілеу туралы ұсыныс енгізу туралы