
Өмірбаян
1988 жылы Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылында туған.
Білімі – жоғары.
2011 жылы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін бітірген. Мамандығы офтальмолог.
Еңбек жолын 2012 жылы «Ұйғыр аудандық орталық аурухана», балалар кеңесінің №5 педиатрлік участкесінің бала дәрігері болып бастаған.
2014-2016 жылдары «Ұйғыр аудандық орталық аурухана» офтальмолог дәрігері, Ұйғыр ауданы.
2016-2017 жылдары «Ұйғыр аудандық орталық аурухана» емхана меңгерушісі.
2017 жылы № 32 қалалық емханасының офтальмолог дәрігері.
2017 жылы ШЖҚ «Ұйғыр аудандық орталық ауруханасы» МКК-ң офтальмолог дәрігері.
2018-2023 жылдары ШЖҚ «Ұйғыр аудандық орталық ауруханасы» МКК-ң емхана меңгерушісі.
2023 жылдан бастап осы уақытқа дейін ШЖҚ «Ұйғыр аудандық орталық ауруханасы» МКК-ң директоры.
Алматы облыстық мәслихатының денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спортты дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының мүшесі.





