
Айнабеков Бауыржан Бақытбайұлы
Секретарь Карасайского районного маслихата
Өмірбаян
1971 жылы Қызылорда облысы Жанақорған ауданы Жанақорған ауылында дүниеге келген. 2006 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша, 2008 – 2011 жылдары академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, экономика және бизнес бакалаврын Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген. Одан кейін 2018-2020 жылдары «Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында,» Іскерлік әкімшілендіру шебері – Master of Business Administration (MBA),» Менеджмент » біліктілігін алды.
Еңбек жолын 1992 жылы «Агробиотех» корпорациясында аға бригадир, басшының орынбасары қызметтерінен бастаған, 1995-1999 жылдары «Қазақстан темір жолы» РМК коменданты, бөлім бастығы, 2008-2011 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ«Вокзал сервис» АҚ Оңтүстік аумақтық филиалы бастығының орынбасары, өндірістік-техникалық бөлімнің бас инженері, учаскесі бастығының орынбасары, «Алматы-1», «Алматы-2» темір жол вокзалдарының бастығы,2011 жылдан 2021 жылдың қаңтар айына дейін Қарасай аудандық әкімшілігі жанындағы «Таусамалы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры болды.
2016 жылы Қарасай аудандық мәслихаттың VI шақырылымның депутаты және 2021 жылы VIІ шақырылымның депутатыболып сайланды.
2021 жылдың 15 қаңтарында Қарасай аудандық мәслихаттың хатшысы болып сайланды.
Аудандық мәслихаттың қызметіне, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жұмысына, ауданда өткізілетін қоғамдық – саяси шараларға белсенділікпен қатысады.
Марапаттары:
«Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» , «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалдарімен марапатталды.
«Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» медалімен марапатталды.
ҚР Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасы.
Алматы облыстық мәслихатының Құрмет грамотасы.
Алматы облысы Қарасай ауданының Құрметті азаматы атағы бар





