Нұрқадыров Серік Нұрқадырұлы

    Алматы облыстық мәслихатының аппарат басшысы

    Нұрқадыров Серік Нұрқадырұлы
    Председатель маслихата

    Нұрқадыров Серік Нұрқадырұлы

    Алматы облыстық мәслихатының аппарат басшысы

    Өмірбаян

    1975 жылы 11 желтоқсанда Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Жоламан ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Талдықорған экономика-технологиялық колледжін зоотехник-ұйымдастырушы мамандығы бойынша, 2005 жылы І.Жансүгіров атындағы мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша, 2010 жылы Алматы қаласындағы Үздіксіз білім беру университетінде "Информатика" мамандығы бойынша білім алды.

    Еңбек жолын 1994 жылы Талғар қаласындағы Қапшағай совхозының ауыл шаруашылығында ветеринардың көмекшісі болып бастаған. 1996-2004 жылдары Қапшағай қаласы Сарыбұлақ ауылы №8 Орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, ал 2004-2007 жылдары мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2007-2008 жылдары Қапшағай қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әдіскері, 2008-2013 жылдары Қапшағай қаласы Д.Қонаев атындағы №1 Орта мектебінің директоры, 2013-2017 жылдары «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2017 жылдан бастап Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары. 2022 жылдан - "AMANAT" партиясы Алматы облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, Алматы облысы мәслихаты аппаратының басшысы.
    2024 жылдың наурыз айынан бастап Қонаев қаласы мәслихатының төрағасы болып сайланды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері