
Құнанбаева Айгүл Тұрсынғалиқызы
Алматы облыстық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
1974 жылы Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында дүниеге келген.
Білімі – жоғары.
1993 жылы Семей қаласындағы кәсіптік-техникалық училищені «Автоматтандырылған басқару жүйелері» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2004 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1993 жылы Семей қаласындағы Тамақ өнімдері комбинатында кондитер көмекшісі болып бастаған.
2005–2017 жылдары – Семей қаласында жеке кәсіпкер.
2017–2018 жылдары – Қазақстан Іскер әйелдер қауымдастығының Алматы қаласы бойынша мүшесі.
2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «EURASIAN GREEN PRODUCT» ЖШС өнеркәсіптік жылыжай кешенінің құрылтайшысы.
Алматы облыстық мәслихатының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.





