
Өмірбаян
1961 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақыстақ ауылында туған.
Білімі - жоғары.
1986 жылы, Алматы архитектура құрылыс институтын бітірген.
Мамандығы - құрылыс инженері.
2009 жылы, «Қайнар» университетін бітірген.
Мамандығы - заңтану бакалавры.
Еңбек жолын 1978 жылы Алматы облысы Күрті ауданы Ақши ауылы Күрті аудандық ішкі істер бөліміне қарасты әскери күзет бөлімінің күзетшісі болып бастаған.
1979-1980 жылдары Алма-Атасельстрой №616 тресі жылжымалы механикаландырылған колоннасының ІІ дәрежелі ағаш ұстасы, Алматы облысы Күрті ауданы Ақши ауылы
1980-1981 жылдары Т.Бокин атындағы кеңшары құрылыс цехының жұмысшысы, Алматы облысы Күрті ауданы Ақши ауылы
1986-1987 жылдары ҚазССР Алматы облысы Халық депутаттары Күрті аудандық атқару Советінің коммуналдық мекемелер шаруашылығы комбинатының орталық жылу жүйесінің шебері, Алматы облысы Күрті ауданы Ақши ауылы
1987-1989 жылдары ҚазССР Алматы облысы Халық депутаттары Күрті аудандық атқару Советінің коммуналдық мекемелер шаруашылығы комбинатының бас инженері, Алматы облысы Күрті ауданы Ақши ауылы
1989-1991 жылдары Күрті ауданының бас сәулетшісі, Алматы облысы Күрті ауданы Ақши ауылы
1991 жылы Алматы облысы Күрті ауданындағы Халық депутаттарының Күрті селолық Советі төрағасының орынбасары
1991-1996 жылдары Күрті жылу жүйелері шағын кәсіпорнының директоры, Алматы облысы Күрті ауданы Ақши ауылы
1996-1998 жылдары Талғар аудандық жылу жүйелері кәсіпорнының директоры, Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласы
1998-1999 жылдары «Алматытеплокоммуноэнерго» МКК бас директоры, Алматы қаласы
1999 жылы «Алатаутрансгаз» АҚ «Алматы газ шаруашылығы басқармасы» ЖШС Алматы филиалының сату жөніндегі менеджері, Алматы қаласы
2000 жылы «Газ-Көмек» ЖШС учаске бастығы, Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласы
2000-2001 жылдары «Жетісугаз корпорациясы» ААҚ «Алматыгазсервис» филиалының бастығы, Алматы қаласы
2001 жылы «Жетісугаз корпорациясы» ААҚ Талғар учаскесінің бастығы, Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласы
2001-2002 жылдары Нұра ауылдық округі әкімінің м.а., Алматы облысы Талғар ауданы Нұра ауылы
2002-2005 жылдары Тұздыбастау ауылдық округінің әкімі, Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылы
2005-2007 жылдары Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы
2007-2009 жылдары Қарасай ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласы
2009 жылы Алматы облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы, Алматы облысы Талдықорған қаласы
2009-2011 жылдары Жамбыл ауданының әкімі, Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы
2011-2012 жылдары Талдықорған қаласының әкімі, Талдықорған қаласы
2012 жылы Алматы облысы әкімінің орынбасары
2012-2013 жылдары Панфилов ауданының әкімі, Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы
2013-2014 жылдары Жамбыл ауданының әкімі, Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы
2014-2016 жылдары Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары, Талдықорған қаласы
2016-2018 жылдары Қарасай ауданының әкімі, Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласы
2018-2020 жылдары Кербұлақ ауданының әкімі, Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылы
2020-2024 жылдары «Қазқайтажаңарту» РМК бас директоры, Алматы қаласы
2024 жылдың 26 сәуірінен бастап осы уақытқа экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және депутаттық этика мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы





