Мендалиев Ерлеген Жәрдемұлы

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

    Мендалиев Ерлеген Жәрдемұлы
    Руководитель

    Мендалиев Ерлеген Жәрдемұлы

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

    Өмірбаян

    Мендалиев Ерлеген Жәрдемұлы 1972 жылы 3 желтоқсанда Гурьев облысының (қазіргі Атырау облысы) Балықшы ауданында дүниеге келген.

    ҚР ІІМ-нің Қостанай заң институтын «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1996 жылы ҚР Мемлекеттік тергеу комитетінің Ақтау қаласы бойынша тергеу бөлімінің тергеушісі қызметінен бастаған.

    1997-2005 жылдар аралығында Ақтау қалалық ішкі істер басқармасының тергеу бөлімінің аға тергеушісі, Анықтау бөлімі бастығының орынбасары болған.

    2005-2012 жылдар аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасының бөлім бастығы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысындағы тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі болған.

    2012-2014 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті бастығының орынбасары, Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі лауазымында қызмет атқарған.

    2014-2016 жылдар аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті бастығының орынбасары, Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі болған.

    2016 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі лауазымында қызмет атқарған.

    2016-2019 жылдар аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі болған.

    2019-2023 жылдар аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі лауазымында қызмет атқарған.

    2023 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы лауазымын атқаруда.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері