
МАМАДЖАНОВ РУСТАМЖАН АБУДЖАНОВИЧ
Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
1973 жылы 27 қаңтарда Қырғыз Республикасының Шу облысы Ыстықкөл ауданы Кен-Булун поселкесінде дүниеге келген. Білімі жоғары кәсіби, 2003 жылы Қырғыз техникалық университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірген. 2007 жылы Қырғыз техникалық университетінде«Электрменжабдықтау» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды.
Еңбек жолын 1990 жылы Қырғызстанда, Есік-ата ауданы, Ивановка поселкесінде манты цехында асүй жұмысшысы болып бастады. Әр жылдары түрлі қызметтер атқарды: мектеп асханасында аспазшы, жұмысшы, жүргізуші, механик.
2003 жылдың қараша айынан бастап «ЕЭК» АҚ «Восточный»кенішінде автотракторбульдозер учаскесінің бастығы, көлік цехының бастығы және 2017 жылдан бастап бүгінгі күнге дейіндиректордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары.
«Amanat» партиясының мүшесі.
«Шахтер даңқы» белгісінің толық иегері, «Көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.
7шақырылған Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды, қалалық мәслихаттың экономика, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі және әлеуметтік, мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының мүшесі.





