Сапарғалиев Қайрат Нұрғазыұлы

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі

    Сапарғалиев Қайрат Нұрғазыұлы
    Заместитель руководителя

    Сапарғалиев Қайрат Нұрғазыұлы

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі

    Өмірбаян

    1966 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Таинта ауылының тумасы. Екі жоғары білімі бар: 1988 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша тәмамдаған; 1998 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жоғары мектебін «заңгер-құқықтанушы» мамандығы бойынша бітірген.

    1988–1994 жылдары Өскемен қаласындағы «Қазпромтехмонтаж» мекемесінде слесарь болып жұмыс істеген, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының «Ауылшаруашылық химиясы» РӨБ-де техник, механик, бас инженер қызметтерін атқарған.

    1994–2014 жылдары құқық қорғау саласында түрлі лауазымдарда еңбек еткен, оның ішінде: Ұлан аудандық ІІБ Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес бөлімінің жедел уәкілі, аға жедел уәкілі; Ұлан ауданының Мемлекеттік кірістер қызметі органындағы Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес бөлімінің бастығы; Ұлан ауданының Салық полициясы бөлімінің бастығы; Жарма өңірі мен Аягөз өңірі бойынша Қаржы полициясы бөлімінің бастығы.
    2000–2003 жылдары Семей өңірі бойынша Қаржы полициясы басқармасының бөлім бастығы, 2004–2014 жылдары Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес департаментінің сыбайлас жемқорлық істерін ашу және алдын алу басқармасында бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары және басқарма бастығы қызметтерін атқарған. Қаржы полициясының отставкадағы полковнигі.

    2015–2016 жылдары Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің консультанты, бөлім басшысы, басқарма басшысы болып жұмыс істеген.

    2016–2019 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.

    2025 жылғы 8 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін Абай облысы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері