Баймұқанов Асқар Қайыржанұлы

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі

    Баймұқанов Асқар Қайыржанұлы
    Заместитель руководителя

    Баймұқанов Асқар Қайыржанұлы

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі

    Өмірбаян

    Жалпы ақпарат, білімі

    1994 жылғы 2 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Чистовское ауылында дүниеге келген.

    2015 жылы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Тарих» мамандығы бойынша бітірген.

    2018 жылы Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің магистратурасын бітірген, заң ғылымдарының магистрі.

    2021 жылы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің магистратурасын бітірген, гуманитарлық ғылымдардың магистрі.

    2019 жылғы Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

    2025-2026 жылдары «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында Болгария Республикасының Мемлекеттік басқару институтында (Institute of Public Administration of the Republic of Bulgaria) кәсіби тағылымдамадан өтті.

    Еңбек жолы

    2013 - 2018 жж. - «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы» жеке мекемесі Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының басшысы.

    2016 - 2018 жж. – «Солтүстік Қазақстан облысының студенттік жастар еңбек жасақтарының штабы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

    2018 - 2019 жж. - «Петропавл қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ «Петропавл қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы.

    2019 - 2020 жж. – «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы» жеке мекемесі Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының басшысы.

    2020 - 2022 жж. - «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ басшысының орынбасары.

    2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері