
Жақыпов Асхат Хамитұлы
"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті" РММ-нің басшысы
Өмірбаян
1985 жылы туған. Павлодар мемлекеттік университетін «жылу электр станциялары» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек қызметін 2008 жылы АА «Павлодарэнерго»-да негізгі жабдықты қызмет көрсету цехының слесарі лауазымында бастаған.
2009–2013 жылдары АА «Павлодарэнерго»-да турбиналық бөлімше машинисі, кейінгі кезеңде аға машинис болып жұмыс істеді.
2013–2016 жылдары — Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінде бас сарапшы.
2016–2017 жылдары — Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысының орынбасары.
2017–2018 жылдары — Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысының орынбасары.
2018–2019 жылдары — Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы.
2019–2021 жылдары — Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінде электро- және жылу өндіретін станциялар мен қондырғыларға бақылау және қадағалау басқармасының басшысы.
2021–2023 жылдары — Павлодар облысы Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысының орынбасары.
2023–2025 жылдары — Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінде электро- және жылу өндіретін станстарға бақылау басқармасының басшысы.
2025 жылдың қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы.





