
Карамурзин Айрат Мухаммедгумарович
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы
Өмірбаян
1989 жылы дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Ә. Сағынов атындағы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірген. Электр энергетикасы магистрі.
2012–2014 жылдары Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратының өндірістік-техникалық бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген.
2014–2016 жылдары Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратының бөлім басшысы қызметін атқарған.
2016–2019 жылдары - «ТТК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде даму жөніндегі директоры .
2019–2022 жылдары Балқаш қаласы әкімдігінің «Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және энергетика мәселелері бойынша Балқаш қаласы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарған.
2022–2025 жылдары - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысының орынбасары.
2025 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы.





