
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА
№5 сайлау округінің депутаты
Өмірбаян
1972 жылы 5 желтоқсанда Павлодар облысы Екібастұз қаласында дүниеге келген, орыс.
Білімі жоғары, 1999 жылы Павлодар мемлекеттік университетін «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. 2020 жылы Семей қаласының Қазақстандық инновациялық академиясын бітірген, педагогика және психология магистрі.
1991-1994 жылдары №10 ОМ бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді. 1994 жылдан 2000 жылға дейін №13 балабақшада тәрбиеші болып еңбек етті, 2001 жылдан бастап «Екібастұз»балалар қоры» ҚҚ директоры. 2003 жылдан 2007 жылға дейін «Қайнар»БЖШО педагог-психологы, 2007 жылдан 2022 жылға дейін «Ромашка» №1 балабақша даму орталығы» КМҚК меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Павлодар облысы білім басқармасының Екібастұз қаласы білім бөлімінің «№ 21 ресурстық орталық» КМҚК басшысы.
«AMANAT» партиясының мүшесі. Екібастұз қалалық мәслихатының V, VI, VII шақырылымдарының депутаты болды. 2023 жылғы наурызда VIII сайланған Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды. Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы.





