
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА
№14 сайлау округінің депутаты
Өмірбаян
1986 жылы 18 қаңтарда Павлодар облысы Павлодар қаласында дүниеге келген, қазақ.
Білімі жоғары, 2007 жылы академик Қ.Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтын «Экономикадағы ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша аяқтаған. 2009 жылы Алматы қаласы Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ аспирантурасын «Геоэкология» мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты, доцент.
2007-2011 жылдары академик Қ.Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді. 2011-2018 жылдары институт доценті, 2018-2020 жылдары институт деканы, 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін институт ректоры.
«AMANAT» партиясының мүшесі. Екібастұз қалалық мәслихатының VI, VII шақырылымдарының депутаты болды. 2023 жылғы наурызда VIII сайланған Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды. Екібастұз қалалық мәслихатының азаматтар мен шағын және орта бизнес өкілдерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі, Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.





