
Черкашин Денис Петрович
№3 сайлау округінің депутаты
Өмірбаян
1975 жылы 25 мамырда Ресей Федерациясының Даурия селосында дүниеге келген, орыс.
Білімі жоғары, 2005 жылы «Тұран» университетін «Құқықтану»мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша аяқтаған, сондай-ақ экономика және бизнес магистрі дәрежесіне ие.
Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Еңбек ете жүріп «Эдельвейс» ЖШС заңгерінен бастап түрлі салалардағы басшыға дейінгі жолдан өтті, үлкен тәжірибе мен құзыреттілікті жинақтады. Әр жылдары «Трансазиялық сауда банкі» АҚ заң бөлімінің бастығы, «Қазақстан метрология институты»РМК бас директорының орынбасары, «ҚТЖ»ҰК» АҚ «Қазтеміртранс»АҚ экономика және қаржы жөніндегі Вице-президенті лауазымдарын атқарды. Қазіргі уақытта Future Engineering Laboratory Ltd ЖК бас директоры болып табылады.
2025 жылдың қазан айында VIII сайланған Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды. Екібастұз қалалық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының, Екібастұз қалалық мәслихатының құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.





