
КУЛЬТУМАНОВ ИСЛАМБЕК МАХМЕРОВИЧ
Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
1963 жылы 11 мамырда Ресейдің Новосібір облысы Карасук қаласында дүниеге келген, қазақ. Білімі жоғары, 1989 жылы Павлодар индустриалды институтын өнеркәсіптік азаматтық құрылыс «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 1983 жылы Екібастұз қаласында «Жилпромстрой»тресінде мұнаралы крандар бойынша монтаждаушы слесарь болып бастады. 1991 жылдан бастап мемлекеттік қызметте: Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс-коммуналдық бөлімінің маманы, жер қатынастары комитетінің маманы, сәулет және қалақұрылысы бөлімі басқармасының орынбасары және құрылыс бөлімінің маманы. «АЙСА» ЖШС-де жұмыс істеді. «АРТУР»ЖШС директорының өндіріс жөніндегі орынбасары болып еңбек етті. 2014 жылдың шілдесінен бүгінгі күнге дейін «ГИДРОПРОМ»ЖШС директоры.
«Amanat»партиясыныңмүшесі.
«Құрметті құрылысшы», «Халық алғысы» медальдарымен марапатталған.
7 шақырылған Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды, қалалық мәслихаттың агроөнеркәсіптік секторды дамыту, экология және табиғатпайдалану жөніндегі және құрылыс, көлік және тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының мүшесі.





