ИБРАЕВ ЖАНАТ КАМИТОВИЧ

    №12 сайлау округінің депутаты

    ИБРАЕВ ЖАНАТ КАМИТОВИЧ
    Депутат маслихата

    ИБРАЕВ ЖАНАТ КАМИТОВИЧ

    №12 сайлау округінің депутаты

    Өмірбаян

    1962 жылы 31 шілдеде Павлодар облысы Екібастұз қаласында дүниеге келген, қазақ.

    Білімі жоғары, 1983 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «Қаржы және несие»мамандығы бойынша аяқтаған.

    Институтты бітіргеннен кейін Екібастұз аудандық қаржы бөлімінде бюджеттік инспекция бастығы болып жұмыс істеді. 1985-1988 жылдары Алматы қаласының ІІБ жедел уәкіл болып жұмыс істеді. 1988 жылдан 2015 жылға дейін «Айдабол LTD» ЖШС, Қазагропромбанк, «Екібастұз» кредиттік серіктестігі, БанкТуранӘлем, Қазақстан Халық банкі, «Нұр Банк» АҚ, «Bank RBK»АҚ басшылық қызметтерін атқарды. 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Көктөбе «ШҚ» ЖШС директоры.

    «Ақ жол»партиясының мүшесі. VII сайланған Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты болды. 2023 жылғы наурызда VIII сайланған Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды. Екібастұз қалалық мәслихатының аграрлық секторды дамыту және жер қатынастары мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы. Екібастұз қалалық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері