Мамбетов Бақытжан Әбдімәжитұлы

    Мақаншы ауданының прокуроры

    Мамбетов Бақытжан Әбдімәжитұлы
    Прокурор

    Мамбетов Бақытжан Әбдімәжитұлы

    Мақаншы ауданының прокуроры

    Өмірбаян

    Б.Ә. Мәмбетов 1978 жылы туылған, 1999 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы және 2022 жылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистратурасын «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша үздік оқып, бітірген.

    Еңбек жолын 1999 жылдың тамыз айында Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастап, кейін рет-ретімен Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, аға прокуроры, Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы прокурорының орынбасары, Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасы бастығының орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы прокурорының орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының прокуроры, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының прокуроры, Абай облысы Жарма, Үржар аудандарының прокуроры қызметін атқарған.

    2022 жылдың желтоқсан айынан бастап Абай облысы Мақаншы ауданының прокуроры.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері