
Қамшыбаев Советхан Слямханұлы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы
Өмірбаян
1987 жылы туған. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін "жылу энергетикасы" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы Семей қаласындағы «Теплокоммунэнерго» МКК-да 5 разрядты турбина жабдығының машинисті болып бастаған.
2011–2012 жылдары — өндірістік оқыту шебері, «ПЛ №8» ММ, Семей қаласы.
2012–2016 жылдары — инженер-инспектор, жабдық есептеулері мен режимдері бойынша инженер, өндірістік-техникалық бөлімнің уақытша басшысы, «Теплокоммунэнерго» МКК.
2016 жылы — 5 разрядты қазандық машинисті, «Теплокоммунэнерго» МКК.
2016–2020 жылдары — коммуналдық нысандар инженері, аға инженер, «Әскери құрылыс Астана» ЖШС-ның Семей филиалы.
2020–2021 жылдары — «Әскери құрылыс Астана» ЖШС-ның Шығыс филиалының уақытша директоры.
2021–2023 жылдары — материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы және өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы, «Теплокоммунэнерго» МКК .
2023 жылы — «Теплокоммунэнерго» МКК-да жетекші инженер, «ГрандПрофи KZ» ЖШС-да директор орынбасары.
2023–2024 жылдары — Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті басшысының орынбасары.
2024 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы.





