Топшақов Серік Абілқасымұлы

    Депутат

    Топшақов Серік Абілқасымұлы
    Депутат маслихата

    Топшақов Серік Абілқасымұлы

    Депутат

    Өмірбаян

    Мен, Топшақов Серік Абілқасымұлы 1966 жылы 23 ақпанда Түркістан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылында дүниеге келдім.

    1972-1982 жылдары В. И. Ленин атындағы №2 орта мектепті бітірдім.

    1982-1984 жылы Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында орналасқан Қапланбек мал дәрігерлік техникумына күндізгі бөлімге түсіп, бухгалтер мамандығын алып шықтым.

    1994 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша бітірдім.

    1984 жылы әскер қатарына шақырылып, 1986 жылы отан алдындағы борышымды абыроймен атқарып келдім.

    1987 жылы Созақ кеңшарының №1 фермасына бригадирдің көмекшісі болып жұмысқа орналастым.

    1989-1992 жылдары Созақ кеңшарындағы орталықтандырылған машинатрактор станциясына реттеуші бухгалтер болып ауыстырылдым.

    1992-1999 жылдары «Созақ» кеңшарының материалдық бухгалтері болып қызмет атқардым.

    2000 жылдан бастап МКҚК «№1 колледж» мекемесінің бас есепші қызметін атқарып келемін.

    Отбасымда жолдасым, 4 қызым 1 ұлым 3 немерем бар.

    2023 жылы Созақ аудандық мәслихатының 8-ші шақырылымының депутаты.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері