Әлібеков Жадыгер Амангелдіұлы

    Депутат

    Әлібеков Жадыгер Амангелдіұлы
    Депутат маслихата

    Әлібеков Жадыгер Амангелдіұлы

    Депутат

    Өмірбаян

    Мен Әлібеков Жәдігер Амангелдіұлы 1975 жылдың ақпан айының 1-жұлдызында Созақ ауданы Созақ ауылында өмірге келдім. Ана тілім-қазақ тілі, орыс тілінде еркін сөйлеймін.

    1982 жылы қыркүйек айында Әлішер Науаиы атындағы жалпы орта мектепке қабылдандым. 1992 жылы В. И. Ленин атындағы жалпы орта мектепті бітірдім.

    1992 –1995 жылдар аралығында Жамбыл облысы, Қордай ауданы Кенен Әзірбаев атындағы ауыл шаруашылық техникумында оқыдым.

    2000 – жылдан бастап осы уақытқа дейін жеке кәсіппен айналысамын.

    2013 жылы Созақ ауылының өсіп өркендеуіне қосқан елеулі үлесім үшін алғыс хатпен марапатталдым.

    2016 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл толуына байланысты ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайының тұрақталуына, кәсіпкерлік саласының дамуына ерекше үлес қосқан қызметім үшін «Іскер» номинациясымен марапатталып жылдың үздік кәсіпкері атандым.

    2016 жылдың Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл толуына арналған жастар арасында ұйымдастырылған игі іс-шараларға қаржылай қолдау көрсетіп, белсенді азаматтық ұстанымын танытқаны үшін алғыс хатпен марапатталдым.

    2016 қастерлі мереке – Тәуелсіздік күнінің 25 жылдық мерекесіне орай, ауданның қоғамдық − саяси өміріне белсене ат салысып, үлес қосып келе жатқан жемісті еңбегім үшін Алғыс хатпен марапатталдым.

    Отбасы жағдайым – үйленген.

    Жұбайым: Катекеева Гүлжауһар Ерболовна 04.10.1977ж Созақ жалпы орта мектеп-гимназиясында «Қазақ тілі және әдебиет» пәнінің мұғалімі. 5 қызым бар.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері