
Айтбаев Алмас Сапарбайұлы
Депутат
Өмірбаян
Мен, Айтбаев Алмас Сапарбайұлы 1976 жылы 1 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Тасты елді мекенінде дүниеге келдім.
1983-1993 жылдары Абай атындағы жалпы орта мектебінде білім алдым.
1993-1998 жылдары Шымкент қаласындағы Қ. А. Яссауи атындағы ХҚТУ-нің Шымкент бөлімін химия-биология мамандығы бойынша тәмамдадым.
1998 жылдың 1 қазанынан бастап Абай атындағы жалпы орта мектебінде химия-биология пәнінің мұғалімі, 2017 жылдың 31 қазанынан химия-биология пәнінің мұғалімі және мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келемін. 2018 жылдың 10 наурызында химия-биология пәнінің «жоғары» біліктілік санатын иеленді.
Жалпы еңбек өтілім 24,5 жыл. Педагогикалық еңбек өтілім 23,5 жыл, орын басар лауазымы бойынша 5 жыл.
Мектептің «Әдістемелік кеңесінің» және «Педагогтарды аттестаттау комиссиясының» тұрақты мүшесімін.
Қызмет саласында бірнеше алғыс хаттармен марапатталдым. Атап айтқанда 2017 жылы Созақ аудандық білім бөлімінің «Алғыс хаты», 2019 жылы облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасы», дәл осы жылы Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасның «Алғыс хатымен», 2021 жылы Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының облыстық әдістемелік орталығы «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай» білім жүйесін дамытуға қосқан үлесі және кәсіби қызметтегі озат табысы мен жас ұрпақты оқытудағы жетістіктерім үшін мадақтама алдым.
2023 жылы Созақ аудандық мәслихатының 8-ші шақырылымының депутаты.





