
Жамиева Карлыгаш Нышанбаевна
Депутат
Өмірбаян
Жамиева Қарлығаш Нышанбайқызы 25.12.1968 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келді. 1991 ж. М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтын, қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі бойынша, ал, 1998 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік Университетін мектепке дейінгі педагогика және психология мамандығы бойынша бітірді.
Жалпы еңбек өтілім -31 жыл. 2011 жылдан бері Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Таукент гүлдері бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының меңгерушісі және осы еңбек жолында Қазақстан Республикасының бірқатар мемлекеттік марапаттарына ие болған. Соның ішінде:
-2023 жылдан бастап Созақ аудандық мәслихатының 8-ші шақырылымының депутаты.
-2022 жылы облыс әкімі Ө. Шөкеевтің алғыс хатымен;
-2021 жылдан бастап Созақ аудандық маслихатының депутаты.
-2021 жылы «Nur Otan» партиясының төрағасының алғыс хатымен;
-2020 жылы Түркістан облысы әкімінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы №212 шешімімен бекітілген «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен;
-2020 жылы «Nur Otan» Түркістан облыстық партиясының төрағасы Шөкеевтің алғыс хатымен;
-2019 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен;
-2018 жылы «Жыл маманы» орденімен (Мемлекеттік құрылыс, экономиканы дамыту және Қазақстанның халықаралық беделін нығайту саласында Отан алдында ерен еңбек еткен тұлғалар марапатталады);
-2018 жылы ОҚО қоғамдық бірлестігінің дипломымен;
-2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының әкімінің алғыс хатымен;
-2018 жылы Түркістан облысы Білім басқармасының Құрмет грамотасымен;
-2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының іскер әйелдер ассоциясының төрайымы Қ.Бекенованың алғыс хатымен;
-2018 жылы «Өрлеу» БАҰО АҚФ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының құрмет грамотасымен;
-2018 жылы «Өрлеу» БАҰО АҚФ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының дипломымен;
-2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың алғыс хатымен;
-2017 жылы «Экономика мақтанышы» орденімен;
-2017 жылы «Кәсіби қызметтері үшін» медалімен (Мәдениет, ғылым, өндіріс және қызметтер саласындағы қызметі әдетте ұзақ уақыт бойы және басқарушылық қызметтерде жоғары еңбек жетістіктерімен және кәсіби шеберлігімен ерекшеленген тұлғалар марапатталады);
-2017жылы Еңбекқорлығы, кәсіби дағдылары және ұжымдық принциптерді ұстанғаны үшін -«Жыл маманы 2016» халықаралық сертификатымен;
-2017 жылы Педагогикалық қызметтегі табыстары үшін «Елеулі еңбегі үшін» медалімен;
-2017жылы Білім беру жүйесінде, сала қызметкерлерін әлеуметтік қорғауда атқарған көп жылдық мүлтіксіз және белсенді еңбегі үшін «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымының Қоғамдық бірлестігінің құрмет грамотасымен;
-2017 жылы «біліктілікті арттыру жүйесінің инновациялық стратегиялар- даму кепілі» тақырыбындағы халықаралық-практикалық конференциясына белсене қатысқаны үшін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлыттық орталығының алғыс хатымен;
-2016 жылы Педагогикалық қызметтегі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» медалімен;
-2016 жылы «Ұстаз жолы» қоғамдық қорының «Елеулі еңбегі үшін» медалімен;
-2016 жылы Оңтүстік Қазақстан Созақ ауданы «Бақ-Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің Алғыс хатымен;
-2016 жылы Оңтүстік Қазақстан Созақ ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту және дамыту орталығының Алғыс хатымен;
-2016 жылы кісіби шеберлігі үшін «Өрлеу» БАҰО АҚФ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының алғыс хатымен;
-2014 жылы ОҚО білім басқармасының Құрмет грамотасымен;
-2014 жылы ОҚО Созақ аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығының алғыс хатымен;
-2013 жылы ОҚО «Білім беру ісінің үздігі» медалімен;
2012-2008 жылдар аралығында бірнеше аудандық алғыс хаттармен;
-2011жылы Түркістан облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен;
-2008 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
2008-1991жылдар аралығында тағы да басқа м.қ. Шәкірттері республикалық, аудандық, облыстық оқушылар олимпиадасына, МАН-ға қатысып марапатталған. Аудан әкімінің шешімімен оқушылары Астана қаласына, Франция мемлекетіне саяхатқа барып қайтты.
Бұл күнде тамаша отбасының анасымын, үш баласы, келіні, немересі бар. жолдасы- Жамиев Қасымбек Төребекұлы «Волковгеология» АҚ №5 ГБЭ-да жетекші бұрғылау жөніндегі механик, үлкен ұлым-Аслан «Алтын белгі» иегері, Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетті үздік бітірген, магистр, «Қазатомөнеркәсібі» саласында СП «КАТКО-да» ғылыми лабораториясында бөлім басшысы, қызы- Салтанат Астанадағы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген, магистр, ҰАК «Қазатомөнеркәсіп-Сауран» кәсіпорынында әлеуметтік сала жөніндегі менеджер. Кіші ұлы Жасұлан 11 сыныптың үздік оқушысы. Келіні- Асем жоғары маманды, жеке кәсіпкер. Немересі –Алихан балабақшаға барады.





