
Есмұратова Гүлшат Есбергенқызы
Депутат
Өмірбаян
Мен Есмұратова Гүлшат Есбергенқызы 1967 жылы 31 шілдеде
Оңтүстік қазақстан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында дүниеге келдім.
1974-1984 жылдары Ә. Молдағұлова атындағы орта мектепте білім алдым. Алматы қаласындағы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтына түсіп, педагогика және психология пәні оқытушысы және мектепке дейінгі тәрбие мамандығын алып шықтым.
Еңбек жолын Ә.Молдағұлова атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып бастадым.
2006 жылдың 22 -ші тамызынан бастап «Шолаққорған» жалпы орта мектебіне мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып бекітілдім.
2010 жылы аталған мектептің жанынан «Балапан» бағдарламасы бойынша ашылған шағын орталықтың әдіскері болып тағайындаладым.
2011 жылдың желтоқсан айында шағын орталық ұжымы ҚР Білім және Ғылым министрлігінің өткізген ІІІ Республикалық «Білім ұясы» конкурсына қатысып шағын орталық республикадағы «Үздік шағын орталық» деп танылып, Алғыс хатпен марапатталадым.
2016 -жылдың 1-ші шілдесінен халық игілігіне берілген «Айшуақ» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі болып тағайындалдым.
2017-2018 жылдары Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы атынан қоғамға үлгі болар өнегелі істерімен еліміздің өркендеуіне үлес қосқаны үшін Алғыс хатпен марапатталдым.
2018 жылы «ӨРЛЕУ» БАҰО ОҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен балабақшада өткізілген «Тұлға – біртұтас ұлттың жетістік іргетасы» тақырыбындағы республикалық, аймақтық семинар қортындысының нәтижесінде жоғары кәсіби жетістіктері үшін Құрмет грамотасымен марапатталдым.
2019 жылы «Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығы атынан «ULY DALA USTAZY» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы ұйымдастырған «Қазақстан педагогтарының 100 үздік мақаласы: білім, ғылым, әдістеме» атты республикалық конкурсының «Үздік эссе» номинациясы бойынша І дәрежелі диплом, Құрмет грамотасы, Алғыс хатпен марапатталдым.
2021 жылдың қаңтар айынан Созақ аудандық маслихатының VІІ-шақырылымының депутаты болып сайландым. «Nur Otan» партиясы Созақ аудандық отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау, жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік осал әлсіз топтарын қолдау жөніндегі кеңестің төрайымымын.
2019 жылы Түркістан облысының білім басқармасының облыстық әдістемелік орталығы атынан «Мектепке дейінгі үздік басшы – жарқын болашақтың кепілі» тақырыбындағы байқауында «Жаңашыл басшы» номинациясын иеленгені үшін дипломмен марапатталдым.
2019 жылы Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік даму жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталдым.
2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыруға қосқан үлесі мен еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Түркістан облысы аумақтық сайлау комиссиясы атынан Алғыс хатпен марапатталдым.
2020 жылы «Қазақстандық салалық Білім және Ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі атынан білім беру жүйесінде, қызметкерлерін
әлеуметтік қорғауда атқарған көп жылдық мүлтіксіз және белсенді еңбегі үшін Құрмет грамотасымен марапатталдым.
2020 жылы Елбасы «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен іріктеуіне белсенді атсалысқаны үшін А лғыс хатпен марапатталдым.
2020 жылы Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік даму жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін ҚР Білім және Ғылым министрлігініңҚұрмет грамотасымен марапатталдым.
2020 жылы Тәуелсіз Қазақстанның мектепке дейінгі Білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін грамота мадақтама қағазымен ҚР Білім және Ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы атынан марапатталдым.
2021 жылы Түркістан облысы Созақ ауданы әкімінің құттықтау хатымен марапатталдым.
2021 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділік танытып, «Nur Otan» партиясының айқын басымдықпен жеңіске жетуіне қосқан үлесі үшін Елбасы Н.Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталдым.
2021 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Қ. К. Тоқаевтың жарлығы бойынша «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен наградталдым.
2021 жылы «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгісімен марапатталдым.
2022 жылы еліміздің ырыс-дәулетінің артуына өз үлесін қосқаны үшін Түркістан облысының әкімі атынан алғыс хатпен марапатталадым.
2022 жылы ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың алғыс хатымен марапатталдым.
2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген «Қазақстан Республикасының Жылдың үздік маманы» атты республикалық байқаудан І-дәрежелі Диплом және төс белгімен марапатталдым.
2023 жылдың наурыз айынан Созақ аудандық маслихатының VІІІ-шақырылымының депутаты болып сайландым. Созақ аудандық мәслихатының «Заңдылық, әлеуметтік қорғау, аумақтық орналастыру» жөніндегі комиссиянын төрайымымын.





