
Абдрахманов Багдат Нуржанович
Депутат
Өмірбаян
Мен, Абдрахманов Багдат Нуржанович 1994 жылдың қыркүйек айының 6-жұлдызында Созақ ауданы Сызған селосында өмірге келдім. Ана тілім-қазақ тілі, орыс тілінде еркін сөйлеймін.
2000 жылы қыркүйек айында Қыземшек кентіндегі «СУ-17» мектебінің (қазіргі Л.Бөкенов) 1-сыныбына қабылдандым. 2012 жылы аталған оқу орнының 11-сыныбын бітірдім.
2012 - жылдың қыркүйек айында Ақтөбе қаласы Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне оқуға түстім. 2016 жылы аталған университеттің «Тау-кен ісі» мамандығын тәмамдадым.
2018 - жылдың қыркүйек айында Шымкент қаласы Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетіне оқуға түстім. 2020 жылы аталған университеттің «тарих» мамандығын тәмамдадым.
2016 жылдан бастап 2020 жылдар аралығында ҰАК «Казатомпром» қарасты ТОО «Казатомпром-Сауран» компаниясының «Мыңқұдық» кенішінде «Инженер-геотехнолог» мамандығымен, 2021 жылы 1-мамыр айынан 31-шілде айы аралығында аталған кеніште «ГТА» учаскесінде «технолог міндетін атқарушы», 1-тамыз айынан 1-қазан айы аралығында «ГТА» учаскесінде «Шебер» мамандығымен жұмыс атқардым. Осы жылдар арасында компанияға шығармашылық, өндірістік үлесімді қосып, сайысқа қатысып ҰАК «Казатомпром» жұмысшылар арасында «Жыл жұмысшысы-2019» марапатына ие болдым.
2021 жылдың 8-қазанынан бастап Қыземшек кентіндегі Л.Бөкенов атындағы ЖОМ «тарих пәні» мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Қазіргі таңда аталған мектепте жұмыс атқарып келемін.
Кентіміздің 2022 жыл қорытындысымен «Үздік жас көшбасшысы» номинациясымен марапатталдым.
Отбасы жағдайым – үйленген.
Жұбайым: Джулкенова Айгерим Пангереевна 18.06.1995ж Л.Бөкенов мектебінде «Орыс тілі» пәні мұғалімі. 3 қызым бар.





