Отыншиева Рабиға Шамақызы

    Депутат

    Отыншиева Рабиға Шамақызы
    Депутат маслихата

    Отыншиева Рабиға Шамақызы

    Депутат

    Өмірбаян

    Мен, Отыншиева Рабиға Шамақызы 1966 жылы 27 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында дүниеге келдім.

    1973-1983 жылдары М. И. Калинин атындағы орта мектепте білім алдым.

    1983 жылы Шымкент педагогикалық училищесіне оқуға түсіп, бастауыш сынып мұғалімі, 1986-1991 жылдары Алматы Халық шаруашылығы институтының қаржы және кредит мамандығы бойынша жоғары білім алдым.

    1991 жылы Созақ аудандық білім бөліміне есепші қызметіне жұмысқа қабылдандым. 1992 жылы 3 наурыздан бастап Созақ аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы комитетінің бас есепшісі қызметін атқарып келемін.

    Қызмет еткен жылдары бірнеше марапаттарға ие болдым. Атап айтар болсақ: 2004 жылы Созақ аудандық білім бөлімінің «Алғыс хатымен», 2006 жылы Созақ ауданы әкімінің «Алғыс хатымен», 2010 жылы Созақ аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы комитетінің «Құрмет грамотасымен», 2012 жылы облыстық кісіподақ комитетінің «Құрмет грамотасымен», 2017 жылы облыстық кәсіподақ комитетінің төсбелгісімен, 2018 жылы Созақ аудандық білім бөлімінің «Алғыс хатымен», 2019 жылы «Нұр Отан» партиясы Созақ аудандық филиалының «Алғыс хатымен», 2019 жылы Созақ ауданы әкімінің «Құрмет грамотасымен», 2020 жылы «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, 2021 жылы Созақ ауданы «Атамекен» ҚР ҰКП «Алғыс хатымен», Созақ ауданы әкімінің «Алғыс хатымен», Созақ аудандық мәслихат хатшысының «Алғыс хатымен», ҚР «Алын кітабының» медальімен марапатталған, 2022 жылы «Қарашаш Ана» медальімен, Жылдың үздік кәсіпкері «Алғыс хатымен», Созақ ауданы әкімінің «Алғыс хатымен», Созақ аудандық мәслихат хатшысының «Алғыс хатымен», «Атамекен» ҚР ҰКП «Алғыс хатымен» марапатталдым.

    Көп балалы қарапайым отбасынан шыққан, 1 ұл 2 қыз 12 немере тәрбиелеп отырған әже.

    2023 жылы Созақ аудандық мәслихатының 8-ші шақырылымының депутаты.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері