
Нурланов Базарбай Нурланович
Депутат
Өмірбаян
Нурланов Базарбай Нурланович 1979 жылы шілде айының 13-ші жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында дүниеге келген.
1996 жылы Шолаққорған ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебін бітіріп шықты.
Білімі жоғары. 2007 жылы Халықтар достығы университетін инженер-технолог мамандығы бойынша бітірген.
. Жеке кәсіпкерлікпен айналысады. «BN Reiting» ЖШС директоры. 1998-2000 жылдар аралығында ішкі әскер қатарында отан алдындағы борышын абыроймен өтеп келген.
Шолаққорған ауылындағы «Нұрлан ата» құрылыс заттары дүкенінің басшысы. Нурланов Базарбай Нурланович жеке кәсіпкерлікпен қатар өңіріміздегі сауапты істерді жанына серік еткен меценат азаматтардың бірі.
Аудан көлемінде өтетін түрлі бұқаралық шараларға, білім ордаларында, қоғамдық ұйымдарда ұйымдастырылатын акциялар, өнер, спорттық шараларға демеушілік танытып отырады.
Әлеуметтік жағынан аз қамтылған ауылдастарына көмек қолын созу, моральдық-материалдық көмектер көрсету өмірлік дағдысына айналған.
Осындай атқарған келелі істерін ескере отырып, оған 2016, 2017, 2019 жылдары Созақ ауданы әкімінің, 2018 жылы «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының, және де Түркістан облысы жастар ресурстық орталығының басшысы Амалбек Өміртайдан «Жастар жанашыры» номинациясымен марапатталған.
Еліміздегі пандемия жағдайында қалыптасқан қиындықтар кезінде алғашқылардың бірі болып 2 жасанды тыныс алу құрылғысын Созақ аудандық және Таукент кенті ауруханаларына сыйға тартып ел алғысына бөленді.
Өз кезегінде Созақ ауданы әкімі Салыхан Полатов Сабырұлы Қазақстан Халқы Ассамблеясының атынан «Мейірім» төсбелгісін табыстады және кіші отанында кең ауқымды қайырымдылық қызметтерді атқарғаны үшін «Жыл тұлғасы» номинациясымен марапаталған.
«Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі. Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі қамқоршылық кеңесінің төрағасы.
2021 жылы Созақ аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының депутаты.
2023 жылы Созақ аудандық мәслихатының 8-ші шақырылымының депутаты.
Жанұялы, өмірлік жары Қозыбагарова Гүлзира екеуі 5 бала тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы.





