
Енсегенова Айнұр Аманжолқызы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі
Өмірбаян
Айнұр Аманжолқызы Енсегенова Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «құқық» мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасы бойынша University of East Anglia университетін тәмамдап, «халықаралық құқық» магистрі атанған.
Еңбек жолын 2010 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасында жастар тәжірибесінен бастаған.
2011 жылы Петропавл қаласының әкімі аппаратының бас маманы-баспасөз хатшысы, 2011–2012 жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің жетекші маманы, 2012–2017 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық бөлімшесінде әр түрлі қызметтерде жұмыс атқарды.
2017 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Орталық аппаратында Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті Әдептік құқық бұзушылықтың профилактикасы басқармасының бас сарапшысы қызметінде болды.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттіктің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті Әдептік құқық бұзушылықтың профилактикасы басқармасының бас консультанты лауазымында қызмет атқарды.





