Бектасов Жеңіс Амангелдіұлы

    Алматы облысы мәслихатының депутаты

    Бектасов Жеңіс Амангелдіұлы
    Депутат маслихата

    Бектасов Жеңіс Амангелдіұлы

    Алматы облысы мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    1962 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданының, Шамалған ауылында туған.

    Білімі – жоғары.

    1992 жылы Қазақ Мемлекеттік аграрлық университетін бітірген.

    Мамандығы - агроөнеркәсіп кешені салаларындағы басқару және экономика.

    Еңбек жолын 1985 жылы Бірінші май тәжірибе шаруашылығы - жұмысшы, техникалық бақылау инженері, одан әрі күрделі құрылыс цехының мастері болып бастаған.

    1989-1990 жылдары - Қаскелең аудандық комсомол комитетінде инструктор, одан әрі ұйымдастыру-кадр жұмыстары бойынша бөлім меңгерушісі.

    1990-1992 жылдары - Қаскелең аудандық әкімшілігінде ұйымдастыру-кадр жұмыстары бойынша бөлім инструкторы.

    1992-1999 жылдары - «Алматысельстрой» УПТК трест №6 - бас инженер.

    1999-2011 жылдары - Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығында директордың орынбасары, Шелек өңіріндегі жылжымайтын мүлік орталығының басқарушысы, жылжымайтын мүлік орталығының Қарасай аудандық филиалында техникалық түгендеу бөлімінің бастығы.

    2011-2018 жылдары - «Қарасай аудандық әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қарасай Су Құбыры» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында директоры.

    2018 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Ж Каскелен» ЖШС директоры.

    Алматы облыстық мәслихатының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс, архитектура және көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының мүшесі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері