Есжан Нұрәкім Есенбайұлы

    Ұйғыр аудандық мәслихатының төрағасы

    Есжан Нұрәкім Есенбайұлы
    Председатель маслихата

    Есжан Нұрәкім Есенбайұлы

    Ұйғыр аудандық мәслихатының төрағасы

    Өмірбаян

    22 мамыр 1961 жылы Алматы облысы, Ұйғыр ауданы Шарын ауылында дүниеге келген.

    1977 жылы Ұйғыр ауданы Дардамты ауылында орта мектепті бітірген.

    1980 жылы Алматы қаласындағы № 19 техникалық училищесін, 1988 жылы Алматы қаласындағы «Өскемен құрылыс-жол» институтын «Автомобиль жолдары» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1977 жылы Дардамты ауылында ХХІІІ партсъезд атындағы колхозда колхозшы ретінде бастаған.

    1980-1982 жылдары Кеңес Әскері қатарында әскері борышын өтеген.

    1983-1988 жылдары Алматы қаласындағы АРО № 2 зауытында жұмысшы болды.

    1988-1990 жылдары Жамбыл облысы, Меркі ауылындағы № 86 жол құрылыс басқармасында жұмысшы, шебер, еңбек ақы жөніндегі инженер қызметтерін атқарды.

    1990-1993 жылдары Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, ХХІІІ партсъезд атындағы колхозда заңгер, экономис қызметтерін атқарды.

    1993-1995 жылдары «Бірлік» колхозында (бұрынғы ХХІІІ партсъезд атындағы колхоз) бас экономист болды.

    1995-1999 жылдары «Ақжол-26» шаруа қожалығының есепшісі болып жұмыс істеді.

    1999-2000 жылдары Дардамты селолық округі әкімі аппаратының бас маманы болды.

    2000-2007 жылдары Дардамты селолық округінің әкімі қызметін атқарды.

    2007-2012 жылдары «Нұр Отан» ХДП-ның Ұйғыр аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды.

    2012 жылдың 23 қантарынан Ұйғыр аудандық мәслихатының хатшысы қызметін атқарып келеді.

    «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдармен марапатталған.

    Үйленген. Екі ұл, бір қызы және немерелері бар.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері