
Ахметов Бекет Төлегенұлы
Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының төрағасы
Өмірбаян
1961 жылы 4 қарашада Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Казатком ауылында дүниеге келді.
1986 жылы Қазақтың дене шынықтыру тәрбиесі институтын, 2006 жылы экономика және құқық Академиясын «қаржы-экономист» мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 1980 жылы «Транссельхозхимия» автокөлік кәсіпорынында дәнекерлеуші ретінде бастады.
1980-1982 жылдары Кеңес Әскері қатарында әскери қызметін атқарды.
1986-1992 жылдары Анатольевка орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, директордың оқу бөлімі бойынша орынбасары.
1992-1998 жылдары Анатольевка атындағы орта мектебінің директоры.
1998-2001 жылдары Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімінің меңгерушісі.
2001-2007 жылдары Есік қаласындағы Абылай хан атындағы орта мектебінің директоры.
2007 – 2011 жылдары Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің кеңесшісі.
2011 – 2016 жылдары Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары.
2016 жылдың наурызынан Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының хатшысы.
«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерінің шығарылуына 20 жыл» медальдарымен марапатталған. «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі», «Ыбырай Алтынсарин», «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төсбелгілерінің иегері.
Үйленген, алты баласы.





