Нұғман Алмасбек Нөкербанұлы

    Кеген аудандық мәслихат хатшысы

    Нұғман Алмасбек Нөкербанұлы
    Председатель маслихата

    Нұғман Алмасбек Нөкербанұлы

    Кеген аудандық мәслихат хатшысы

    Өмірбаян

    1978 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Шырғанақ ауылында дүниеге келген.

    3 жоғары білімі бар: 2020 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін инженер-механик, 2017 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін Экономика және бизнес магистрі, 2021 жылы Д.А.Қонаев атындағы Еуразия заң академиясын құқықтану мамандықтары бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2000 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің мәдени-тәрбие бөлімінің І санатты маманы (Жастар ісі жөніндегі комитет Төрағасы, университеттің Студенттік құрылыс жасақтары штабының бастығы, Ерікті жасақ штабының жетекшісі) болып бастаған, содан кейін 2005 жылы Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорына қарасты Студенттік құрылыс жасақтарының қалалық штабының бастығы, 2006 жылы Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының құқықтық және ақпараттық-талдау бөлімінің бастығы, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры директорының орынбасары, «Студенттік құрылыс және жастар еңбек отрядтары» Жастар қоғамдық бірлестігінің Төрағасы, 2008 жылы «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы «Жас Отан» ЖҚ төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалының сайлауалды штабының ерікті жасақтарының жетекшісі, «Нұр Отан» ХДП Медеу аудандық филиалының Төрағасының бірінші орынбасары, 2011 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің кеңесшісі – жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің үйлестірушісі, 2012 жылы «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалының партиялық жұмысты ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 2013 жылы Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі Директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2015 жылы Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі директоры, 2021 жылы «AMANAT» партиясы Кеген аудандық филиалының атқарушы хатшысы болып тағайындалған. 2023 жылдың қаңтар айынан бастап «AMANAT» партиясы Кеген аудандық филиалының төрағасы болып қызмет атқарған.

    2023 жылдың 30 наурызынан бастап Кеген аудандық мәслихатының төрағасы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері