
Өмірбаян
1969 жылы Семей облысы, Ақсуат ауданы, Көкжыра ауылында туған.
Білімі – жоғары.
1986 жылы Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлігінің Республикалық сыртқы сауда ауыл шаруашылығы техникумын бітірген. Мамандығы-есептеу техникасы және бағдарламалау.
2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген.
Мамандығы - заңгер
2006 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.
Мамандығы - экономика
Еңбек жолын 1986 жылы Ақсуат ауданында Амангелді колхозының жұмысшысы болып бастаған.
1991 жылы- Талғар киіз фабрикасының жүн сабау машиналарының операторы, Талғар ауданы.
1991 жылы- Талғар комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі, Талғар ауданы.
1991-2002 жылдары- Талғар аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің бокс бойынша жаттықтырушысы, Талғар ауданы.
2002-2003 жылдары «Дас» ЖШС заңгер кеңесшісі, Алматы қаласы.
2010 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Т.А.С Агросервис» ЖШС-нің құрылтайшысы.
Алматы облыстық мәслихатының экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және депутаттық этика мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының мүшесі.





