
Өмірбаян
1993 жылы Алматы қаласында туған.
Білімі – жоғары.
2016 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген.
Мамандығы - есептеу техникасы және бағдарламалау.
2021 жылы Қазақ Спорт және Туризм академиясын бітірген.
Мамандығы - дене шынықтыру және спорт.
Еңбек жолын 2017 жылы Іле ауданында С.Нұрмағамбетов атындағы “Сағадат батыр” спорт клубының директоры болып бастаған.
2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Іле ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ жаттықтырушысы.
Алматы облыстық мәслихатының денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спортты дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының мүшесі.





