Жемакишева Әмина Абайқызы

    Инвестициялық саясат департаментінің директоры

    Жемакишева Әмина Абайқызы
    Директор

    Жемакишева Әмина Абайқызы

    Инвестициялық саясат департаментінің директоры

    Өмірбаян

    Жемакишева Әмина Абайқызы 1983 жылы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында дүниеге келген.

    Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Өнеркәсіптік-құрылыс» мамандығы бойынша, Шығыс Қазақстан өңірлік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша және «City Business School» «Денсаулық сақтау саласындағы МВА» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2005 жылы «Құрылысконсалтинг» ААҚ Шығыс Қазақстан филиалында бастады.

    2006-2014 жылдары - Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы.

    2014-2017 жылдары - Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Жобалау жұмыстары басқармасының бас сарапшысы.

    2017-2021 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылыс-пайдалану бөлімінің бас сарапшысы.

    2021-2026 жылдары - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Инвестициялық саясат департаментінің басқарма басшысы, директорының орынбасары.

    2026 жылдың наурызынан бастап, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Инвестициялық саясат департаментінің директоры болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері