
Бекінов Нұрсұлтан Берікұлы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметке дайындау және кіру департаментінің директоры
Өмірбаян
Бекінов Н.Б. 1992 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. 2015 жылы «бизнес әкімшілендіру» мамандығы бойынша University of Wollongong in Dubai, 2020 жылы «мемлекеттік саясат» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында магистратураны бітірген.
2019 жылғы Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
2016 жылы мансабын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің сарапшысы лауазымынан бастаған.
2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің сарапшысы және бас сарапшысы.
2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте) түрлі лауазымдарда жұмыс істеді – Парасаттылық департаменті директорының орынбасары, Превенция қызметінің басқарма басшысы.
2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.
2023 жылдың қазан айынан бастап 2024 жылғы 23 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры болып қызмет атқарды.
2024 жылғы 23 тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметке дайындау және кіру департаментінің директоры қызметін атқарады.





