
Өмірбаян
1972 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында туған.
Білімі - жоғары.
2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.
Мамандығы – заңгер
2012 жылы Қазақ бас сәулет - құрылыс академиясын бітірген.
Мамандығы –құрылыс.
Еңбек жолын 1989 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында Т.Кенжебаев атындағы совхозда слесарь болып бастаған.
1996-2003 жылдары «Атақоныс» шаруа қожалығының басшысы, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы
2007-2016 жылдары «Бақай-Строй» ЖШС құрылтайшысы, әрі директоры, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы
2014-2020 жылдары «Ескене Н-С» ЖШС құрылтайшысы, әрі директоры, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы
2016-2022 жылдары «Агро-Масақ» шаруа қожалығының басшысы, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы
2022 жылдың басынан бастап осы уақытқа дейін Алматы облыстық мәслихатының денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спортты дамыту мәселелері бойынша тұрақты коммиссиясының төрағасы.





