
Есеев Асхат Қайыржанұлы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы
Өмірбаян
1984 жылы туған. О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «электромеханик» мамандығы, Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін «экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Астана қаласында «ҚазжолҒЗИ» ФАҚ зертханасының инженері болып бастады.
2007–2011 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде жұмыс істеді.
2012–2014 жылдары – ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде Автомобиль жолдары комитетінің бас сарапшысы.
2014–2015 жылдары – ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде бас сарапшы, кейін басқарма басшысы.
2015–2020 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы және бас консультанты.
2020–2023 жылдары – Үкімет Аппаратының бас инспекторы.
2023–2025 жылдары – Үкімет Аппаратының өңірлік инспекторы.
2025 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында – Абай облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, кейін Мәжіліс Аппаратының бас консультанты.
2025 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаментінің басшысы.





