Досаев Ренат Серікбайұлы

    Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі

    Досаев Ренат Серікбайұлы
    Член комиссии

    Досаев Ренат Серікбайұлы

    Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі

    Өмірбаян

    Досаев Ренат Серікбайұлы, 1985 жылы туған, екі жоғары білімі бар, 2006 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» мамандығы, 2009 жылы Қазақстан-Ресей университетін «Құқықтану»мамандығы бойынша бітірген.

    Ренат Серікбайұлы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының түлегі, бизнес және басқару магистрі. Мемлекеттік қызмет өтілі 17 жылдан астам, тексеру комиссиясында 13 жылдан астам.

    Еңбек жолын 2007 жылы Қостанай облысы бойынша Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу Комитеті басқармасының жетекші маманы – жетекші бақылаушы – ревизоры болып бастады. 2008 жылғы қаңтардан 2011 жылғы қазанға дейін Қостанай облысы бойынша Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу инспекциясының бас маманы – бас бақылаушы – ревизоры болып жұмыс істеді.

    2011 жылғы қазаннан 2015 жылғы қаңтары аралығында әлеуметтік саланы бақылау бөлімінде бас маман, 2015 жылғы қаңтардан бастап «Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы»ММ Әлеуметтік сала шығыстарының аудиті бөлімінің бөлім басшысы – мемлекеттік аудитор болып жұмыс істеді.

    2025 жылғы 2 қыркүйектен бастап Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды

    2016 жылғы желтоқсанда Адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның шешімімен «Жоғары санатты мемлекеттік аудитор» біліктілігі берілді.

    Досаев Ренат Серікбайұлы Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасының мақтау хатымен, Қостанай облысы әкімінің, Қостанай облыстық мәслихатының грамоталарымен марапатталған.

    ІІ дәрежелі «Қаржы бақылау саласының үздігі», І дәрежелі «Қаржы бақылау саласының үздігі» төсбелгілері және «Қаржы сақшысы» медалі бар.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері