Костюков Дмитрий Анатольевич

    Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы

    Костюков Дмитрий Анатольевич
    Председатель

    Костюков Дмитрий Анатольевич

    Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы

    Өмірбаян

    Дмитрий Анатольевич Костюков 1979 жылы Қостанай облысының Рудный қаласында туған. 2000 жылы «Бухгалтер, агробизнесте аудитор» мамандығы бойынша А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін аяқтады.

    Еңбек жолын 2000 жылы қыркүйек айында Қостанай облысы Қараменді с. Науырзым статистика бөлімінде бас есепші ретінде бастады, одан әрі 2001 жылы қаңтар мен маусым айларында осы мекемеде маман ретінде қызмет атқарды. 2001 жылдың маусым айынан 2004 жылғы ақпан айларында Қараменді с. Науырзым аудандық қаржы басқармасында бюджеттік бөлімнің жетекші және бас маманы лауазымдарында қызмет етті. 2004 жылғы наурыздан бастап маусымға дейін Қостанай ауданы қаржы басқармасының есеп және есептілік бөлімнің бас маманы қызметін атқарды. 2004 жылғы маусымнан бастап желтоқсанға дейін «Қостанай облысының қаржы департаменті» ММ білім беру мекемесінің қаржыландыру бөлімінің бас маманы болды.

    2005 жылғы қаңтардан бастап 2011 жылдың 19 тамызына дейін «Қостанай облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті» ММ, «Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» ММ бас маманнан бастап, басшының орынбасарына дейін түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

    2011 жылғы тамыз айынан бастап 2019 жылғы наурыз аралығында Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі болып қызмет атқарды. 2019 жылғы 5 наурызда Қостанай облыстық мәслихатының шешімімен Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының Төрағасы болып тағайындалды.

    2016 жылы «Мемлекеттік аудитор» біліктілігін алды.

    2017 жылы «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік кадрлық резервіне енгізілді.

    Д.А. Костюков «Конституция күніне 20 жыл» алқа бергісімен, 2011, 2016 жылдары Қостанай облыстық мәслихатының және 2013, 2018 жылдары Қостанай облысы әкімінің грамоталарымен, 2017 жылы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің және «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық бөлімшесінің алғыс хаттарымен марапатталды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері