Испудинов Арман Жақсыбекұлы

    Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі

    Испудинов Арман Жақсыбекұлы
    Член комиссии

    Испудинов Арман Жақсыбекұлы

    Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі

    Өмірбаян

    Испудинов Арман Жақсыбекұлы 1998 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін экономист-маркетолог мамандығы бойынша бітірген, 2013 жылы осы университетті құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

    ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің түлегі, 2016 жылы Академияны «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1998 жылғы қыркүйекте Лисаков қаласы бойынша салық комитетінің жеке тұлғалардың кірістеріне салық салу бөлімінің салық инспекторы болып бастады. 1998 жылдан 2002 жылға дейін Лисаков қаласы бойынша салық комитетінде инспектордан бастап бөлім бастығына дейінгі лауазымдарда жұмыс істеді.

    2002 жылдан бастап 2011 жылға дейін Қостанай облысы бойынша салық департаментінде бас маманнан бастап басқарма бастығына дейінгі түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

    2010 жылы «ҚР Салық қызметінің үздігі» атағы берілді.

    2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің «Тобыл» Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.

    2011 жылдан 2012 жылға дейін Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

    2012 жылдан 2013 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» ММ басшысы болып жұмыс істеді.

    2013 жылдан бастап Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі болып табылады.

    2016 жылы «Мемлекеттік аудитор» біліктілігі берілді.

    2018 жылы Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің түлектер клубы кеңесінің мүшесі болып сайланды.

    2019 жылы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті «Жоғары санаттағы мемлекеттік аудитор» біліктілігін берді.

    Халықаралық біліктілікті арттыру бағдарламаларын сәтті аяқтады:

    - «Саяси процесс және саяси шешімдер қабылдау», Kaunas University of Technology, Литва, 2016 ж.

    - «Мемлекеттік сектордағы көшбасшылық бағдарламасы», Duke University, АҚШ, 2016 ж.

    - «Тиімділік аудиті», International Centre for Information Systems and Audit, Үндістан, 2017 ж.

    - «CIPFA Public auditor сертификаттау бағдарламасы», Ernst & Young Academy of Business, 2018 ж.

    - «Тәуекелдерді басқару», М.В. Ломоносов атындағы ММУ, Ресей, 2021 ж.

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен 25 жылдығына орай мерейтойлық медальдармен марапатталған. 2021 жылы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Қаржы сақшысы» ведомстволық медалімен марапатталды. ҚР Қаржы министрлігінің, ҚР ҚМ Салық комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Үздік оқуы және белсенді қоғамдық қызметі үшін 2016 және 2021 жылдары екі рет ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ректорының құрмет грамоталарымен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері