Байғабұлов Руслан Сатвалдаұлы

    Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі

    Байғабұлов Руслан Сатвалдаұлы
    Член комиссии

    Байғабұлов Руслан Сатвалдаұлы

    Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі

    Өмірбаян

    Байғабұлов Руслан Сатвалдайұлы 1976 жылы туған, жоғары білімі бар, 1997 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы институтын Бухгалтерлік есеп бойынша экономист мамандығы бойынша бітірген.

    Руслан Сатвалдаұлы Байғабұлов еңбек жолын 1990 жылы «Ровесник» совхозында жұмысшы ретінде бастады. 1998 жылы Қостанай ауданы бойынша Салық комитетінің жүргізуші маманы лауазымына тағайындалды, 1999 жылдан бастап аға, бас маман, бөлім басшысы лауазымдарын атқарды. 2007 жылғы қарашада Қостанай қаласының «Мост Казахстан» ЖШС коммерциялық директор болып тағайындалды. 2008 жылғы сәуірден бастап «Kazakhstan Collektor Company» ЖШС маман, бөлім басшысы, жүргізуші маман қызметін атқарды. 2010 жылғы маусымда «Kazakhstan Collektor Company» ЖШС аумақтық бөлімінде директор болып тағайындалды.

    2012 жылғы қаңтарда «Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ әлеуметтік сала шығыстарын бақылау бөлімінің бас маманы м.а. лауазымына тағайындалды. 2012 жылғы наурызда «Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ жергілікті бюджет табыстарын және активтерінің пайдалануын аудит бөлімінің бас маманы лауазымына ауыстырылды, 2014 жылғы шілдеде «Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ жергілікті бюджет табыстарын және активтерінің пайдалануын аудит бөлімінің басшысы болып тағайындалды және бүгінгі күнге дейін осы лауазымда қызмет етеді.

    2019 жылдың наурызынан бастап Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.

    Р.С. Байғабұлов 2013 жылы Қостанай облыстық мәслихаты хатшысының грамотасымен марапатталды, 2014 жылы Тексеру комиссиясының кәсіподақ комитетінің грамотасымен марапатталды, 2015 жылы Қостанай облысы әкімінің грамотасымен марапатталды, 2017 жылы III дәрежелі «Қаржы сақшысы» медалімен марапатталды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері