
Қосабаев Шалқар Жақанұлы
Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі
Өмірбаян
Шалқар Жақанұлы Қосабаевты 1971 жылы туған, қазақ, жоғары білімі бар, 1994 жылы Қостанай ауылшаруашылық институтын экономист мамандығы бойынша аяқтаған.
Шалқар Жақанұлы мемлекеттік қызметте 15 жыл жұмыс істейді.
Еңбек жолын 1988 жылы Ы. Алтынсарин атындағы ауылда құрылыс учаскесінің жұмысшысы болып бастаған. 1994 жылдан 2003 жылға дейін коммерциялық ұйымдарда әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2003-2004 жылдары Арқалық қалалық ауыл шаруашылығы басқармасының жетекші маманы болып жұмыс істеді. 2004 жылдың тамыз айынан 2011 жылдың қазан айына дейін Қостанай облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясында бас маман – бас бақылаушы – ревизор болып жұмыс істеді.
2011 жылдың қазан айынан 2017 жылдың қараша айына дейін Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының шығыстар аудиті бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді. 2017 жылдың қарашасынан бастап 2019 жылдың наурыз айына дейін «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2019 жылдың наурызынан бастап Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.
2018 жылы тұлғаларды сертификаттау бойынша Ұлттық комиссияның шешімімен «Мемлекеттік аудитор» біліктілігі берілді.
Ш.Ж. Қосабаев III дәрежелі «Қаржы сақшысы» алқасымен, Қостанай облысы әкімінің грамотасымен марапатталды.




