Байзатов Азамат Мұратұлы

    Бөлім басшысы

    Байзатов Азамат Мұратұлы
    Руководитель отдела

    Байзатов Азамат Мұратұлы

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Байзатов Азамат Мұратұлы 1984 жылдың 31 наурызында Жамбыл облысы Талас ауданында дүниеге келген.
    Білімі жоғары. А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Құқықтану» және М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Экономика» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

    Үйленген. 3 баланың әкесі

    Еңбек жолын 2008 жылы Жамбыл облыстық соттар әкімшісі Тараз қалалық сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы болып бастаған.
    2009-2010 жылдар аралағында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Заң бөлімі құжаттарға құқықтық сараптама және заңдарға мониторинг жүргізу секторының құқықтық мәселелері жөніндегі сарапшысы;
    2010-2011 жылдар аралығында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Республикалық бюджет шығыстарын бақылау бөлімі қаржы активтерінің сатып алынуын және қарыздардың өтелуін бақылау секторының сарапшы-бақылаушысы;
    2011-2012 жылдар аралығында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Әлеуметтік саласындағы бақылау бөлімінің бас сарапшы - мемлекеттік бақылаушысы;
    2012-2015 жылдар аралығында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Мемлекеттік бақылау бөлімі әлеуметтік саланы бақылау секторының бас сарапшы-мемлекеттік бақылаушысы;
    2015-2017 жылдар аралығында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қаржының басқарылуына мемлекеттік аудит жүргізу бөлімі мемлекет активтерінің басқарылуына аудит жүргізу секторының бас сарапшы-мемлекеттік аудиторы;
    2018-2022 жылдар аралығында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппаратының Мемлекеттік басқаруға аудит жүргізу департаменті қаржылық нарық және шоғырландырылған қаржылық есептілік секторының бас консультант-мемлекеттік аудиторы;
    2022-2023 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы Мемлекеттік басқаруға аудит жүргізу департаменті әкімшілік реттеу секторының бас консультант - мемлекеттік аудиторы;
    2023-2024 жылдар аралығында Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясы мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспектор - бас аудиторы;
    2024-2025 жылдар аралығында Ұлытау облысы әкімінің аппараты ішкі аудит қызметінің бөлім басшысы ;
    2025 жылдың 12 желтоқсанынан бастап қазіргі уақытқа дейін Жамбыл облысы әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің қызмет басшысы - мемлекеттік аудиторы лауазымында қызмет атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері