
Сәрсенбаева Гүлнәр Еділқызы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директоры
Өмірбаян
Туған күні: 1972 жылғы 1 наурыз
1989 жылы - Ақтөбе облысы, Исатай ауданы, Акраб орта мектебі.
1995 жылы - Қарағанды мемлекеттік медцина иниституты, Қарағанды қаласы.
Еңбек өтілімі
1995 жылғы 31 шілде - Ақтөбе қалалық санитариялық-эпидемиологиялық станциясының эпидемиолог дәргері, Ақтөбе қаласы
1996 жылғы 8 қаңтардан 1997 жылғы 20 маусымға дейін - Санитариялық-эпидемиологиялық станцияның эпидемиолог дәргері, Қарағанды қаласы Совет ауданы
1997 жылғы 24 маусымнан 2013 жылғы 23 наурызға дейін - Эпидемиолог дәрігер, аса қауіпті инфекциялар бөлімінің басшысы, Ақтөбе облыстық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының ауруханаішілік инфекцияларға инфекциялық бақылау, ошақты профилактикалық дезинфекция бөлімінің басшысы
2013 жылғы 26 наурыздан 2018 жылғы 20 тамызға дейін - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті амбулаториялық емханалық көмек басқармасының бас сарапшысы, әлеуметтік мәні бар аурулар кезіндегі медициналық көмек басқармасының басшысы
2018 жылғы 20 тамыздан 2020 жылғы 28 қазанға дейін - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас сарапшысы, әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің бас консультанты
2020 жылғы 28 қазаннан бастап - 2024 жылдың 4 қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары
2024 жылдың 4 қыркүйегінен бастап - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры
Мемлекеттік марапаттар:
2013 жылы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі
2016 жылы «Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі.
2017 жылы «Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі
2020 жылы «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» төсбелгісі





