
Жаңғарашаева Гүлнәр Қасенқызы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі. Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары.
Өмірбаян
Туған күні: 1965 жылғы 9 сәуір, Алматы қаласы
1982-1988ж.- Алматы мемлекеттік медицина институты.
1988-1989ж. - Алматы қаласы ОҚК терапия бөлімшесінде Интернатура.
1997-1999ж. - Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетіндегі клиникалық ординатура.
2000-2003 ж. - С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасы.
2014-2016ж. - Алматы қаласының АЛСУ іскерлік әкімшілендіру магистратурасы.
Жұмыс тәжірибесі
12.2015 ж. қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі. Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары. Ревматолог дәрігері. Нұр-Сұлтан қаласы.
2007-2014 ж.ж - «Медикер» ЖШС, сақтандыру компанияларының клиенттеріне медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті.
2004-2007 ж.ж - «Мейірім» ЖШС, дәрігер-ревматолог.
2003-2004 ж.ж - С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университеті терапия кафедрасының ассистенті.
1989-1997 ж.ж - «Ревматология» мамандығы бойынша ординатор дәрігер, Алматы қаласы қалалық ауруханасының бөлім меңгерушісі.
Марапаттары
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін». төсбелгісі
Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық алғысы» медалі.





