Уакишев Асылан Айтоллаұлы

    Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары

    Уакишев Асылан Айтоллаұлы
    Заместитель начальника

    Уакишев Асылан Айтоллаұлы

    Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары

    Өмірбаян

    Уакишев Асылан Айтоллаұлы, қазақ, 1986 жылдың 4 тамызында Солтүстік Қазақстан облысы, М.Жұмабаев атындағы ауданы, Успенка ауылында дүниеге келген.
    Білімі жоғары, 2007 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген.

    Асылан Айтоллаұлы еңбек қызметін 2007 жылы Азаматтық қорғау жүйесінде бастаған. Алғашқы еңбек жолын Астана қаласы бойынша «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары бөлімінің инженері қызметінен бастады.

    2008 жылдан – Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ өрт сөндіруді, авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және өрт сөндірушілерді даярлау бөлімінің аға инженері.

    2009 жылдан – Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ өрт сөндіруді, авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және өрт сөндірушілерді даярлау бөлімінің бас маманы.

    2011 жылы – Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының бөлім бастығы болып тағайындалды.

    2013 жылдан – ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының бас маманы.

    2014 жылдан – ҚР ІІМ ТЖК авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдары басқармасының бас маманы.

    2019 жылдан – ҚР ІІМ ТЖК Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру басқармасының бас маманы.

    2020 жылдан – ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдары басқармасының бас маманы.

    2022 жылы – ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалды.

    2024 жылы – ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалды.

    2025 жылдың қыркүйегінен бастап – ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.

    Қызметтік іс-әрекетінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені, төтенше жағдайларды жоюдағы еңбегі, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін ведомстволық наградалармен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталған.

    Үйленген. Екі бала тәрбиелеп отыр.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері