
Нүкішев Нұрлан Сейтжанұлы
Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары
Өмірбаян
Н. С. Нүкішев, қазақ, 1978 жылы 19 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2001 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінің Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Нұрлан Сейітжанұлы азаматтық қорғау жүйесіндегі еңбек жолын 1999 жылы Солтүстік Қазақстан облысының №2 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы лауазымынан бастаған.
2000 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік өртке қарсы қызметінің арнайы отрядына қарасты Петропавл қаласындағы №17 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарған.
2005 жылдан бастап – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» федералды мемлекеттік мекемесінің №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы, кейіннен – мамандандырылған отряд бастығының орынбасары және сол уақытта Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «ӨСжАҚҚ» ФММ №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы.
2006 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «ӨС және АҚЖҚ» мемлекеттік мекемесіне қарасты Петропавл қаласының мамандандырылған отрядының бастығы қызметіне тағайындалды.
2014 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» мемлекеттік мекемесінің кәсіби дайындық мектебінің бастығы қызметін атқарған.
2016 жылдан бастап ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД кадр саясаты басқармасының бастығы лауазымын атқарды.
2021 жылы ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» мемлекеттік мекемесінің бастығы болып тағайындалды, кейіннен ұйымдық-штаттық өзгерістерге байланысты ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы болды.
2025 жылдың қаңтар айынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары болып қызмет атқарады.
Қызметтік іс-әрекетте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені, төтенше жағдайлар мен өрттерді жою бойынша жұмыстағы жетістіктері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін ведомстволық марапаттармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталған.
Үйленген. Екі баланың әкесі.



